Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық қордан әр балаға қаражат аудару: негізгі шарттар әзірленді

Қаржы министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосудың негізгі тәсілдерін әзірледі.

24.03.2023
Жаңалықтар

Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі балалар арасында бөлінеді. 18 жасқа дейінгі баланың шотында жинақталатын қаражат шамамен 3,5 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін.

«Тиісті есепшот «БЖЗҚ» АҚ-да Әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылады. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарында шартты түрде қаражат есептеледі. Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі бөлінеді», — делінген Қаржы министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, жобаға Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатысады. Егер 18 жасқа толғанға дейін елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерді талап ете алмайды. Қаражат балалар арасында қайта бөлінеді. Бала 18 жасқа дейін азаматтығын ауыстырмай, елден кеткен жағдайда, аталған төлемдерді алу құқығы сақталады.

Сонымен қатар шоттағы қаражатқа салық салынбайды. Іс жүзінде 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалып, инвестиция ретінде игеріледі.

«18 жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болады, ол қаражатты қалай пайдалану керек екенін өз еркімен шешуі керек (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға). Бұл ретте шетелдік ЖОО-да оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануға шектеу болмайды. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалану тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі», — деп аталып өткен министрлік хабарламасында.

Бұдан бөлек, азаматтық заңнамаға сәйкес, іс жүзінде жинақталған қаражатты мұрагерлік бойынша беру мүмкіндігі ескерілген.

Жалпы, ұсынылған алгоритм бойынша жобаны іске қосу үшін заңнамаға өзгерістерді қоса алғанда, дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Биыл Қазақстан Республикасының заңнамасына және тиісті нормативтік құқықтық актілерге түзетулер қабылдау жоспарланып отыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарқаржыҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
26.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz