Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Алматыда сайлауға мониторинг жүргізу үшін байқаушылар мектебі 1723 адамды дайындады

Бұл туралы сайлау бойынша жалпықалалық баспасөз орталығының алаңында Байқаушылар мектебінің басшысы Александр Братенков айтты. Оның айтуынша, аралас дауыс беру жүйесін ескерсек, бұл сайлаудың маңызы зор.

19.03.2023
Сайлау-2023

Байқаушылар миссиясы әділ және ашық сайлау өткізуге кедергі келтіретін кез келген құқық бұзушылықтарды бақылау, түзету және алдын алу болып табылады.

«Сайлау тек кандидаттарға, дауыс берушілерге ғана емес, тәуелсіз байқаушыларға да жауапкершілік жүктейді. Мен және әріптестерім тәуелсіз байқаушыларды таңдап, оқыттық. Тәуелсіз байқаушылардың құрамына әртүрлі адамдар кірді. Олар — жастар, жас санатындағы адамдар және әртүрлі әлеуметтік топтар», — деді спикер.

Оның айтуынша, Алматыда сайлауды бақылау бойынша 8 қоғамдық ұйым аккредитациядан өтті.

«Байқаушылардың бәрі бірдей сайлау процесін сауатты және білікті түрде бақылай алмайды. Міне сол себепті, Алматыда «Дауыс» қоғамдық бақылаушылар коалициясының бастамасымен байқаушылар мектебі құрылды – бұл республикалық қоғамдық бірлестік», — деді спикер.

Сондай-ақ, байқаушыларды дайындау барысында ақпараттық жұмыс пен әлеуметтік желідегі жұмысқа көңіл бөлінді, деп атап өтті Байқаушылар мектебінің тренері Сәуле Алпысова.

«Ақпаратпен жұмыс істеу, атап айтқанда ақпаратты дұрыс жеткізу және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша тренинг өткіздім. Ақпаратпен тек журналистер ғана емес, байқаушылар да жазып, жұмыс істей білуі керек», — деді ол.

Жалпы, Алматыда сайлау барысы штаттық режимде өтіп жатыр. Байқаушылар өкілдерінің айтуынша, учаскелерді айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ.

Тегтер: сайлау2023

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz