Біздің тілшілер қазір №949 сайлау учаскесінде. Мұнда 2 және 4 ықшамауданы тұрғындары дауыс береді.
Ең алғаш болып өрт сөндіруші Сұлтан Серікбай дауыс берді.
№949 сайлау учаскесінің төрағасы Анар Басшыбаева өрт сөндірушіге алғаш болып дауыс бергені үшін сыйлық сыйлады.
Кіші сержант жұмысына асығыс болғандықтан, өз пікірін білдіруге үлгермеді.
Айта кетейік, бүгін Алматы облысы бойынша 629 сайлау учаскесі қызмет етеді.