Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

ҚХП: жәрдемақы әр балаға лайықты төленуі керек

Парламент Мәжілісі депутаттығына мажоритарлық жүйе бойынша кандидат Каленова Оксана мен мәслихат депутаттығына үміткер Анжела Горностаева Өскемендегі «Жан Ана» қоғамдық қорының мүшелерімен кездесті.

13.03.2023
Сайлау-2023

Онда спикерлер көпбалалы аналарға Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Қазір еліміздегі барлық аймақтың халқын толғандырған әлеуметтік салада мәселелер көп. Атап айтар болсақ, тұрғындар тұрғын үйге қол жеткізе алмай келеді. Медицина мен зейнетақы саласы да сын көтермейді. Халық партиясы 1-3 бала тәрбиелеп отырған аналар үшін – қолжетімді баспана, ал көпбалалы аналарға – тегін баспанамен қамтуды талап етеді», – деді Оксана Каленова.

Халық партиясы балаларға лайықты жәрдемақы берілу керек деген пікірде. Осы орайда партия 1 балаға ең төменгі жалақы яғни, 70 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындауды талап етеді. Мысалы, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені құрайды.

Осы ретте сөз алған партия өкілі Анжела Горностаева әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін ең алдымен саяси өзгерістер керек екенін тілге тиек етті.

«Біздің партия ең бірінші кезекте қарапайым халықтың тілегін түсінетін Халықтық үкімет құру қажет деп есептейді. Біздің мақсатымыз – халықтың билігі мен байлығы қазақстандықтарға тиесілі әділетті қоғам құру», – деді ол.

Кездесу барысында көпбалалы аналар өздерін толғандырған өзге де сауалдарды жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Тегтер: ҚХП

Соңғы жаңалықтар

Истребитель Су-30СМ потерпел крушение под Карагандой

Николай Иващенко
25.02.2026

В Алматинской области обсудили стратегию цифровой трансформации и внедрение ИИ

Николай Иващенко
25.02.2026

Аким Алматинской области Марат Султангазиев встретился с сотрудниками индустриально-логистического центра «ДАМУ»

Николай Иващенко
25.02.2026

Снайперы ССО стали лучшими на Кубке Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

Профилактические кабинеты открыты в Алматинской области

Николай Иващенко
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz