Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» партиясы жұмысшыларды сайлау күні өз таңдауын жасауға шақырды

«Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Павлодар қаласына барды.

10.03.2023
Сайлау-2023

Республикалық штаб мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, «Ақ жол» демпартиясынан бір мандатты округ бойынша кандидат Фуат Сатыбаев, жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар Павлодар облысындағы «Мерусарии және К» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

 «Ақжолдықтар» партияның саяси бағдарламасын таныстырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес, Парламенттік республикаға көшу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемелері, жұмыссыздық, салалық ҚҚС мөлшерлемелері, оффшорлардағы қаржыны қайтару, инфляциямен күрес және тұрғын үй бағасының қымбаттауына қатысты мәселелер көтерілді.

Партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырған соң кандидаттар Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Жұмысшылар көкейдегі сұрақтарын қойды. Көпшілікті әлеуметтік әділеттілік, «жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң мен әділ сайлау мәселелері қызықтырды.

Жұмысшылардың бірі тәуелсіз бақылаушылар санының жеткіліксіздігін айтып, халықтың сайлаудың әділ өтетініне сенуден қалғанын, тәжірибе көрсеткендей, сайлау учаскелеріне келмеген адамдардың орнына бюллетеньдер толтырылып тасталатынына назар аударды.

«Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында біз дауыс беру күні сайлау учаскелеріндегі барлық рәсімдерге бейнебақылау енгізуді ұсынамыз. Сондай-ақ, электронды дауыс беруді енгізуді қарастыру қажет. Қазір барлығын телефон арқылы жасаймыз. Көптеген сайлаушылар дауыс беру күні кезекте тұрғысы келмей, дауыс беру құқығын пайдаланбайды. Бұл тармақтарды енгізбейінше, дауыс бергендердің нақты санын біле алмаймыз», — деді Берік Дүйсембинов.

Кандидаттар сайлау бюллетеньдерін толтырып, сайлауды бұрмаламау үшін жиналғандарды 19 наурыз күні сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

Тегтер: Ақ жолПавлодар облысыүгіт-насихатхалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz