Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қосқұдық пен Сарыбұлақ ауылдарының тұрғындары сапасыз салынып жатқан нысанға шағымданды

Тұрғындардың айтуынша, ауылдардағы медициналық мекеме өткен жылғы күз айларында аз уақыттың ішінде тұрғызылып, әлі күнге дейін қолданысқа берілмеген, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

09.03.2023
Аймақ
Фото: Alataunews.kz

Фото: Alataunews.kz

«Бұл нысанның фундаменті жоқ, төменгі жағы үңірейіп тұр. Пеш салынған жоқ, қыстыгүні немен жылитыны белгісіз. Тоқ арқылы жылытылған күннің өзінде ауылдағы электр стансасы нысанды толық қамти алмайды. Себебі қуаты аз. Инженерлік желілері жүргізілмеген. Кәріз суы ағатын құбыр, ауыз су құбыры, тоқ – әлі ештеңе тартылған жоқ. Нысанның қақпасының өзі жел соқса құлайын деп тұр. Күйеуім, әйтеуір күзетіп жүр, балалар кіріп кетпесін деп», — деді Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Күлипа Тосикова.

Фото: Alataunews.kz

Бұқараның базынасын жеткізген апаның сөзіне сүйенсек, медициналық мекемені сапалы салынды деуге келмейді. Тіпті, кіреберіске төселген тастың өзі былқ-сылқ етіп, сазды топырақта ойнап тұр.

«Кеңес кезінде салынған медициналық пунктіміз бар еді. Үнемі ұйытқып тұратын желге шатыры шыдас бермей, бір күні ұшып кетті. Қазір қалпына келтірілді. Жаңа нысанды да осы күй күте ме деп уайымдаймыз. Бұдан бөлек, жаңа медициналық пункттің қабырғасына да сенім жоқ секілді. Өйткені, пластик қабырғалар халыққа ұзақ уақыт қызмет етуге арналмаған», — деді Күлипа апа.

Дәл осындай мәселе Қосқұдық ауылында да өзекті. Жалпы Қонаев қаласына қарасты Кербұлақ, Сарыбұлақ, Қосқұдық ауылдарына медициналық нысан бірдей сызбамен салынған.

Ал қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің мамандары аталған мәселені жоққа шығарып отыр.

«Барлығы жақсы. Құрылыс жоспардағыдай жүргізілді. Нысан арнайы жылытқыш құрылғылары арқылы жылытылады. Медициналық пункттер наурыз айының соңында пайдалануға беріледі», — деді мамандардың сөзін жеткізген баспасөз хатшысы Екатерина Колесниченко.

Әкімдіктегілер қосымша мәлімет беруден бас тартты. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар сайтында бұл құрылыс туралы бірде-бір ақпарат жоқ.

Фото: Alataunews.kz

1 of 4
- +

Естеріңізде болса, облыс әкімінің Қонаев қаласы тұрғындарымен кездесуінде шаһар басшысы Нұрлан Құматаев Кербұлақ, Сарыбұлақ ауылдарында медициналық пункт салу үшін 100 млн теңге бөлінгенін айтқан болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Басты жаңалықтарҚосқұдықнысансапасызСарыбұлақ

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz