Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» партиясының мүшелері Қостанай облысындағы Рудный қаласына барды

Азат Перуашев бастаған «Ақжолдың» республикалық штабының мүшелері Қостанай облысындағы Рудный қаласына барды.

06.03.2023
Сайлау-2023

Сапар аясында партия лидері Азат Перуашев, партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Махаббат Жұтаев, Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «РудныйАвтоТранс» ЖШС мен «Аят» жеке спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Ақ жол» демпартиясының Қостанай облысындағы партия белсенділерімен жүздесті.

Автопарк қалалық және халықаралық жолаушы тасымалы бойынша қызмет көрсетеді. Үгіт-насихат тобына автопарк басшылығы бұл кәсіпорын тарихында Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың бірінші рет келіп тұрғанын айтты. 

«Зейнеткерлер мен мектеп оқушыларының жол ақысын субсидиялауға көмек керек және маршруттарды бөлуде жолаушылар ағынының теңгерімді үйлесімі, электронды билетті енгізуде және т.б. мәселеде қолдау қажет», — деді ЖШС директоры Сұлтанбек Ермұханов.

Азат Перуашев бұл мәселеден хабары барын, «Ақ жол» демпартиясы Жолаушылар тасымалы қауымдастығымен тікелей байланыста екенін және осындай мәселелер Теміртау, Шымкент, Ақтөбе, Астана, Атырау, Семей қалаларының автопарктерімен өткен кездесулерде көтерілгенін айтты. 

Белгілі болғандай, ұжымда Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи отанына оралған қандас жүргізушілер де аз емес екен. 

Азат Перуашев «Ақ жол» бағдарламасында қандастарды тарихи Отанына тартуды жалғастырып, оларға жан-жақты қолдау көрсету қажеттілігі көрсетілгенін тілге тиек етті.

«Ақ жол» кандидаттары ұжыммен еркін әңгімелесіп, сұрақтарға жауап берді. Жүргізушілермен әңгімеден соң кәсіпорын басшысы «Ақ жол» партиясына ризашылығын білдірді. 

Тегтер: Ақ жолҚостанай

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz