Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есе артты

Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 100 айлық есептік көрсеткіштің орнына 1000 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі El.kz порталына сілтеме жасап.

12.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Президент байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, операторлар мәлімдеген параметрлерден айтарлықтай алшақтағаны үшін жауапкершілікті енгізуді және қатаңдатуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы іске асыру үшін министрлік депутаттармен бірлесіп, стандартқа сай келмейтін қызмет көрсеткені үшін операторларға қолданылатын қатаң шараларды әзірледі. Енді заң бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторларына 100 айлық есептік көрсеткіштің орнына 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде мұндай заң бұзушылық қайталанса айыппұл 200-ден 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін салынады», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің талдауы бойынша байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есеге өскен. 2021 жылы министрлік 562 тексеру жүргізді.

«Операторға қатысты байланыстың немесе интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Оtinish» жүйесі арқылы жолдаулары қажет. Өтініште, байланыс операторының атауын және нақты мекен-жайын көрсету міндетті. Прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі. Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша тексеру жүргізіледі», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кету керек, операторларға қатысты заң бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Соңғы жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
28.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
28.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
28.08.2026

Таза Қазақстан – ортақ міндет

Акжаркын
28.08.2026

Кеген ауданында 201,7 млрд теңгенің 50 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz