Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Ақ жол» партиясы еңбек ұжымдарымен кездесті

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демпартиясының республикалық штабы Алматы облысы Іле ауданындағы «Dolce -Pharm» ЖШС фармацевтикалық компаниясының және Алматыдағы «Имсталькон» зауытының еңбек ұжымдарымен кездесті.

02.03.2023
Сайлау-2023

Кәсіпорын басшылығы мемлекеттік «СК-Фармация» ЖШС-мен жылдық келісім-шарттың үзілуіне байланысты кейбір құрал-жабдықтардың қолданусыз қалғаны туралы айтты. Ары қарай да мұндай жағдай қайталанса кәсіпорын «Ақ жол» партиясы депутаттарының көмегіне жүгінетіндігі келісілді. Бұған дейін компанияның осы тектес өтініштері үнемі парламенттегі «Ақ жол» фракциясының қолдауына ие болып, туындаған мәселелер шешімін тауып отырды.

Қызметкерлер тұрғын үй және жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер теліміне әкімдік кезегінің кері өсуіне, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген аудандарда қолжетімді мектептер мен балабақшалардың жоқтығына, баға тұрақсыздығы мен несие пайызының жоғары болуына наразылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, сайлаушылар жемқорлардың шетелге шығарған қаржысын халыққа қайтару жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Азат Перуашев көтерілген мәселелерді шешудегі партия ұстанымын баяндап, әкімдіктердің әлеуметтік тұрғын үйді заңсыз беруіне қатысты фракцияның депсауалдары, жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің жазасын өтегеннен кейін де елден шығуына тыйым салу туралы талаптары туралы айтты. Аталған шаралар жиналған қауымның қолдауына ие болды.

Сол күні «Ақ жол» демпартиясы республикалық штабының мүшелері Алматыдағы «Имсталькон» зауытының жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорын құрылыс саласы үшін металл конструкцияларын шығарады.

Атап айтқанда, қызметкерлердің жалақысын көтеру жолдары, мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауар өндірушілерді қорғау, БЖЗҚ-ның шығынға батқаны мен зейнетақы жинақтарының сақталу мәселелері талқыланды.

Пікіралмасу емін-еркін әрі қызықты өтті, жұмыскерлердің көбі сайлауда «Ақ жол» партиясы мен оның кандидаттарына дауыс беруге ниетті екендіктерін айтып, алған беттен айнымай, көтерілген мәселелердің шешімін табу үшін табандылық таныта беруді сұрады.

Тегтер: Ақ жолпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz