Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Өмір сүру деңгейі жоғары, тәуелсіз, мықты және өсіп-өркендеген Қазақстанды құрамыз — «Ауыл» партиясы

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мақсаты – барлық халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, тәуелсіз, мықты және өсіп-өркендеген Қазақстанды құру.

01.03.2023
Сайлау-2023

Осы орайда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы еліміздің өміріндегі өзекті міндеттерді шешу, Қазақстанның одан әрі өркендеуіне ықпал ететін жаңғыртушы қайта құруларды жүргізу жолдарын ұсынады.

«Біз нақты еңбек үшін нақты ақы төлеуді неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет деп санаймыз. Өмір сүру үшін өз еңбегімен табыс тауып жүрген әр адамның лайықты сыйақы мен әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Біздің мақсатымыз – Еңбек кодексінде және әлеуметтік салаға жататын басқа заңдарда лайықты ақы төленетін еңбекке және жұмыспен қамтуға нақты құқықтарды бекіту», – делінген партия бағдарламасында.

Ауылдық елді мекендер үшін және нақты ауыл тұрғыны үшін ең төмен стандарттарды әзірлеу және бекіту; ауылдық елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үйлерді, мектептерді, ауруханаларды, инфрақұрылымды, мәдениет мекемелерін және жолдарды салу мен жөндеу арқылы ауылда өмір сүруге сапалы жағдай жасау жайы да көзделген.

Сондай-ақ, зейнетақы лайықты өмір сүруге жеткілікті, медициналық көмек халық үшін қолжетімді болуы қажет, деп санайды «ауылдықтар».

«Біз ауыл тұрғындарының мүддесін көздейміз. Халық ұсыныс-тілегін ұсынамыз. Сондықтан «Ауыл» партиясы Парламент сайлауына нақты әрі өтімді бағдарламасымен қатысады», – деп атап өтті партия төрағасы Әли Бектаев.

«Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс сайлауына 34 кандидат түседі. Оның 25-і партия атынан түссе, 9 кандидат бір мандатты жүйе бойынша бақ сынайды.

Тегтер: ауылпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz