Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Қазақстанда бәсекеге қабілетті және нарықтық экономика құру — «Ақ жол» демократиялық партиясы

«Ақ жол» демократиялық партиясы 2002 жылы құрылған.

01.03.2023
Сайлау-2023

Төрағасы – Азат Перуашев. Партияның Алматы облыстық филиалының басшысы – Мейраш Шынасылова.

«Ақ жол» демократиялық партиясының негізгі мақсаты – әрбір азаматтың еркін дамуы, оның құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, барлық қазақстандықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін ұдайы арттыру сондай-ақ, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, әлеуметтік және саяси прогресіне қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

«Ақ жол» партиясы – Қазақстанда бәсекеге қабілетті және нарықтық экономика құрудың, жеке кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдаудың табанды жақтаушысы. Партия – мемлекеттіліктің қалыптасуының іргелі негіздерін қалаған және ұлттық мүдделерді әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды мақсат етіп қойған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары. Алаш идеясын тарату тұрғысында арнайы бағдарлама әзірлеп, оны жүзеге асыру мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар өткізіп тұрады.

«Ақ жол» партиясының әлеуметтік тірегі – қалыптасқан және дербес орта тап, оның ұйытқысы – отандық зиялы қауым және кәсіпкерлер.

«Ақ жол» демократиялық партиясының тарихи миссиясы – қоғам мен экономиканы ілгерілетудің ең өзекті міндеттерін қоюға және осы міндеттердің тиімді шешімдерін табуға қабілетті меншік иелерінің, басқарушылар мен зияткерлердің табы ретінде ұлттық бизнестің, техникалық және шығармашылық зиялы қауымның қалыптасуы мен дамуына ықпал ету.

Биылғы сайлауда облыстық мәслихатқа партиялық тізіммен 18 үміткер түсуде. Өзін-өзі ұсыну арқылы 3 кандидат облыстық мәслихатқа түсті. Аудандарға өзін-өзі ұсыну арқылы 5 үміткер тіркелді. Мәжіліске облыстан өзін-өзі ұсыну арқылы, партия мүшесі Берік Алтаев түсуде.

Облыстық филиалдың атқаратын басты міндеті – партияның саясатын өңір тұрғындарына таныстыру, туындап жатқан түрлі мәселелерді Парламент пен Үкіметке жеткізу, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау, облыс тұрғындарын өтініштері бойынша партия қатарына алу. Қазіргі таңда «Ақ жол» партиясының облыс бойынша 8676 партия мүшесі бар.

Тегтер: Ақ жолҚазақстанпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz