Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

Бәсекелестікті қамтамасыз ету арқылы билікте ашықтыққа қол жеткізу — «Respublica» партиясы

Биылғы 18-қаңтарда «Respublica» партиясы ресми түрде тіркелді.

01.03.2023
Сайлау-2023

Жаңа саяси партияның алғашқы құрылтайы өтіп, оған барлық өңірден 1000-ға жуық делегат қатысты. Партияның құрылтайшылары мен көшбасшылары – қазақстандық белгілі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері.

«Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалары – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев.

Құрылтайшылар партия жетекшілері мен делегаттар арасындағы қашықтықты барынша азайту мақсатында дәстүрлі сахна мен үйреншікті төралқалықтан бас тартты. Құрылтай ортақ пікірлестердің бейресми алаңына айналып, оның аясында қатысушылар партияның миссиясын кеңінен талқылап, ел ауқымындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстары мен тың идеяларын ортаға салды.
Respublica партиясының Restart деп аталатын бағдарламасы мемлекеттің барлық саласын және қазақстандықтардың тыныс-тіршілігін қайта құруды мақсат етеді.

«Партияның маңызды миссиясы – бәсекелестікті қамтамасыз ету арқылы билікте ашықтыққа қол жеткізу. Respublica – есеп беретін билікті орнатуды және барлық деңгейлерде транспаренттілікті бекітуді жоспарлап отырған мета-партия. Біз халықтың мұң-мұқтажына ұмтылған үкімет, ал халқы өз көсемдеріне, елдің жарқын болашағына нық сенетін, көркейген және әділ елде өмір сүргіміз келеді. Respublica партиясының қатарында заманауи көзқарасы мен Қазақстандағы тоқырау мен жүйелі дағдарысты еңсеріп, орнықты даму үшін не қажет екенін білетін, нақты стратегиялық көзқарасы бар жасампаз жастар бар», – деп хабарлады партия көшбасшылары.

Партияның бағдарламасында «Respublica» партиясы – заманауи және жоғары технологиялық ұлттық экожүйені құруды жақтайтын саяси күш. Біз сенімді, өркениетті және әділ елде өмір сүргіміз келеді – әр азамат адал еңбек етіп, лайықты табыс таба алатын, дені сау және білімдар жастардың ортасы мен өз елін мақтан тұтатын еркін адамдар еліне қол жеткіземіз, делінген.

Партияның негізін қалаушылар қатарында – тәжірибелі әрі табысты менеджерлер, көптеген отандасына қомақты қолдау білдіріп, болашаққа сенім артуға жол көрсеткен іскер, беделді көшбасшылар бар.

Партияның басты мақсаттарының бірі – биліктің ашықтығына қол жеткізу, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, азаматтардың саясатқа ықпал ету тетіктері мен мүмкіндіктерін ұсыну.

Тегтер: Respublicaпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz