Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

«Аманатқа қиянат жасалмайды» — «AMANAT» партиясы

«AMANAT» – мемлекет мүддесі үшін тарихи жауапкершілікті алған, халық мұрасын сақтаушы, мемлекеттік мүддеге адал, қоғам игілігіне жұмыс істейтін партия.

01.03.2023
Сайлау-2023

Халық ұғымында «аманатқа қиянат жасалмайды», яғни аманатты сақтаушы партия мүшелері – ең әуелі мемлекет мүддесіне адал азаматтар.

«AMANAT» – мемлекетті басқаруға көрсетілген сенім. Бір ұжымның қызметкерлері – басшыға, сайлаушылар – партияға, халық – Президентке аманат.

Қазіргі уақытта партияның облыстық филиалы қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтап, барша азаматқа тең мүмкіндік беруді қолдап отыр. Бір-біріне қолдау білдіретін, мықтылары әлсіздерге жәрдем беретін, әлеуметтік әлсіз топтардың мүддесін қорғайтын қоғам құруға ұмтылады.

Облыс бойынша 162 бастауыш партия ұйымында 53 649 партия мүшесі бар. Партия мүшелері қатарына белсенді жастар, өндіріс саласындағы жас мамандар, шағын және орта бизнес өкілдері, спортшылар мен мәдениет саласының өкілдері топтастырылған. Жылдан жылға партияның қатары жас әрі білікті азаматтармен толыға түсуде.

Жергілікті мәслихаттарда конституциялық басымдыққа ие және жергілікті атқарушы билікті қадағалайтын партия ретінде өңірді дамытуға, халық тұрмысын жақсартуға күш салуда. Осы мақсат жолында партия Президенттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыру үшін оған жан-жақты қолдау көрсетеді.

Бүгінде «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы жанынан сайлауалды 10 және аппарат штабтарының 10 жобасы құрылды, қоғамдық штаб мүшелерінің саны 455 адам (оның 68-і облыстық штабтың, 387-сі аудандық штабтың мүшелері). Облыс бойынша 629 сайлау учаскесі жұмыс атқаруда, оның 601-і ашық, 28-і жабық. Партияның сенімді өкілдерін 1803 адам құрайды.

Облыстық мәслихатта барлығы 38 депутаттық орын бар, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша – 19 (50%) орын, бір мандатты сайлау округтері бойынша – 19 (50%) орын. Қазіргі таңда «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысын жүргізуде. Сайлауалды штабта үгіт және талдау орталығы, медиа штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар және жастар алаңы жұмыс істейді.

Партияның Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге араласуын кеңейту қажет деп санайды.

«AMANAT» мүшелерінің 60%-дан астамы – әйелдер. Сайлаудағы партиялық тізімнің үштен бірін де біздің аруларымыз құрайды. Сондықтан инклюзивті мәдениет, гендерлік саясат мәселесі әрқашан партиямыздың басты назарында», – деді «AMANAT» партиясының төрағасы.

Тегтер: AMANATпартиясайлау

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz