Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Президент Финляндияның сауда министрін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннариді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

24.02.2023
Саясат

Мемлекет басшысы министрге ілтипат білдіре отырып, фин делегациясының сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылда Финляндия Солтүстік Еуропа мемлекеттері арасында экономикамызға ең көп инвестиция құйған екінші елге айналды. Сонымен қатар Финляндияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің сауда-экономикалық, көлік-логистика және білім беру салаларындағы серіктестігін нығайту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы фин кәсіпкерлерінің Қазақстанға құятын инвестициясын ұлғайта түсу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Вилле Скиннари құрметпен қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует мол екенін мәлімдеді.

Министр Қазақстанға сапармен келген делегация құрамында Nurminen Logistics Plc, Nokia, EastCham Finland, Business Finland, Lamor, Wärtsilä Finland, PayIQ, EPSE секілді 15 ірі фин компаниясының өкілдері бар екенін жеткізді. Алдағы кездесулер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

Бұдан бөлек, фин тарапы Астанадағы Финляндия елшілігі жанынан Орталық Азия елдерінің азаматтарына қызмет көрсететін виза хабын ашады.

Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёге ізгі тілегін жолдап, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Тегтер: Вилле СкиннариҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысыФинляндия

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz