Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында суармалы су мәселесін тез арада шешу қажет — әкім

Балқаш ауданының жұртшылығымен кездесуде өңір басшысы Қапшағай көлінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты бірнеше мәселе туындағаны жайлы баяндады.

22.02.2023
Аймақ

Бұл мәселелерді шешу үшін облыста 2 үрмелі бөгет салынбақ.

Тарқатып айтсақ, өңір әкімінің сөзінше, суару маусымында аудандағы 28,4 мың гектар жерді сумен қамтамасыз ету үшін Қапшағайдан Тасмұрын және Бақанас арналарына 550-650 текше метр/секунд су ағызу қажет. Яғни, Қапшағайдағы су деңгейі жазда айтарлықтай төмендейді. Бұдан бөлек, Қапшағайдан Шеңгелді суару алабы және Қонаев қаласының ауыз су қажеттіліктері үшін су алынады.

Марат Сұлтанғазиев су деңгейінің жазда төмендеп кетуінен басқа Топар каналының кебу мәселесіне тоқталып өтті.

«2022 жылы ГЭС-тен су ағызу 170 текше метр/секундына дейін төмендесе де, былтыр қажетті су көлемі жиналды. Алайда, Іле өзенінің деңгейі төмендеуінің нәтижесінде Топар каналы кеуіп кетіп, экожүйе бұзылды», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімінің мәліметінше, 2015 жылы Балқаш ауданының әкімдігі Тасмұрын және Бақанас арналарын сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Іле өзенінде екі үрмелі бөгет салу бойынша жоба әзірлеген. Осы жобаға түзетулер енгізіп, қайта сараптама жүргізу қажет. Бұл жұмысқа 61,4 млн теңге бөлінді.

«Тиісті басқарма мамандары, аудан әкімі суару мәселесін қысқа мерзімде шешу қажет. Себебі оның әсері тек экономикаға емес, экологияға да тиіп жатыр. Заманауи технологияларды және тиімді ауыспалы егістікті қолдану арқылы күріш алқаптарын ұлғайтуды, оның өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды, өңдеу зауыттарының толық жүктемесін қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыІле өзеніСуармалы су

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz