Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Архив Сайлау-2023

AMANAT: Алматы облысында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды

Алматы облысында 400-ге жуық медициналық мекеме бар. Онда 2,8 мың дәрігер жұмыс істейді. Алайда, өңірде дәрігер тапшылығы байқалады, 105 маман жетіспейді.

22.02.2023
Сайлау-2023

Мұнымен қоса, кейбір елді мекендерде денсаулық сақтау ұйымдары жалға берілетін және бейімделген үй-жайларда орналасқан.

Осыған байланысты «AMANAT» партиясы бар күш-жігерін халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, ақ халаттылардың жетіспеушілігі мәселесін реттеуге бағыттамақ. Осы мақсатты алға қойып, кешенді жұмыс жоспарын құрды. Бұл туралы Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Қуат Байғоджаев, Дәулет Жарасбаев, Сайдулла Сарсеков Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Партияның алға қойған міндеттемелері облыстық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында тізбектелген. Кандидаттардың айтуынша, 2027 жылға дейін облыста 58 медициналық нысан салынады.

«20 дәрігерлік амбулатория, 19 фельдшерлік-акушерлік пункт, 16 медициналық пункт, 3 емхана бой көтереді. Әсіресе, осындай шағын ауылдарда 2025 жылға дейін 38 жаңа ғимарат салынады. Сонымен қатар, тозған емханаларды да жаңғыртуды көздеп отырмыз», − деді жиында сөз алған Қуат Байғоджаев.

Кездесуде өзге кандидаттар да кезек-кезек сөз алды. Сайлауалды бағдарламада айтылған өзгерістердің барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсартуына бағытталғанын атап өтті. Соған орай, баспанамен қамту, жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жақсарту үшін нақты істер қолға алынбақ.

Шара соңында кандидаттар сайлаушыларды 19 наурыз күні өтетін саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Тегтер: AMANATАлматы облысыБасты жаңалықтарҚонаевсайлаухалықпен кездесу

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz