Аталған шара еліміздің «Біртұтас ұлт — біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат — өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, өз халқының дәстүрлеріне, оның жетістіктеріне, мәдениетіне құрметпен қарауға, елін мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Жиында оқушылар ант қабылдап, оларға куәлік табыс етілді.
«Бүгінде әскери-патриоттық тәрбие беру бағытында балалар мен жасөспірімдер клубына облыс бойынша 18 075 оқушы қабылданды. «Салтанатты ант қабылдау» – әрбір оқушының есінде мәңгі қалар қуанышты сәт. Ендеше осы жасөспірімдерден ертең ел сенімін ақтайтын батыр тұлғалар мен мемлекет мәртебесін көтеретін мықты мамандар шығарына сенемін», — деді құттықтау сөзінде облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.
Сонымен қатар балаларға әскерилер қоян-қолтық күрес түрінен қойылым көрсетіп, Мәдениет үйінің кіреберісіне әскери көрме қойылды.
Толығырақ бейнежазбадан тамашалай аласыздар.