Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

2023 жылы Алматы облысында 600 шаруаға микрокредит беріледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, шаруаларға 2,5%-дық мөлшерлемемен ең жоғары мерзімі 7 жылға дейінгі сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы микрокредиттер беріледі.

16.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Бұл пилоттық жобаны биыл да жалғастыру үшін Қазақстан бойынша 11 мыңнан астам микрокредит беру жоспарымен 52,4 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Алматы облысына 600-ге жуық микрокредит беру жоспарымен 2,3 млрд. теңге бөлінді.

«Президенттің сайлауалды бағдарламасына сәйкес 7 жыл ішінде осы мақсаттарға 1 трлн. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Миллионнан астам ауыл тұрғындарын қамти отырып, 350 мың жұмыс орны құрылады және кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтардың жартысын тарту жоспарда бар», — деді Ербол Қарашөкеев шаруалармен өткен жиында.

Сонымен қатар министр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағыты туралы да сөз етті.

«Аталған жобаны қаржыландырудың алдын ала сомасы шамамен 400 млрд. теңгені құрайды. Ол құс етін, сүт өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ көкөністерді өндіру үшін суару жөніндегі жобаларды және оларды сақтау жөніндегі инфрақұрылымды іске асыруға бағытталатын болады. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыруға оң әсер етеді және жаңа жұмыс орындарын құру есебінен ауыл халқының табысын арттыруға мүмкіндік береді», — деді министр.

Министрдің сөзінше, бұл жобаны іске асыру бюджеттік кредиттеу есебінен жоспарланып отыр. Тиісті іс-шара «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасында көзделген, ол жақын арада бекітілетін болады. Тұжырымдамаға сәйкес, Алматы облысы бойынша жобалар пулы 36,8 млрд. теңге сомасына 13 жоба қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, 2023 жылы Алматы облысында 600-ден астам жұмыс орнын құрумен 62 млрд. теңге сомасына 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, 58 млрд. теңге сомасына 4 жылыжай кешені, 80 млн. теңгеге 1 көкөніс қоймасы, 150 млн. теңгеге 1 бау-бақша жобасы, 2 млрд. теңгеге 1 ет өңдеу жобасы және т.б. жүзеге асырылады.

Тегтер: Алматы облысыАуыл шаруашылығыМикрокредит

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz