Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда бес колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінде айтылды.

15.02.2023
Қоғам

Мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірқатар жүйелік проблемалар анықталды.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпараты бойынша, биыл елімізде 520 колледжі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Бақылау шараларынан бұрын олардың әрқайсысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Мемлекеттік аттестаттауды өткізу лицензиясыз білім беру қызметімен айналысатын колледждерді анықтауға ықпал етті. Бұл Қостанай облысының Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысының А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледж және Теміртау жоғары политехникалық колледжі», – дейді комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.

Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.

Аттестаттаудан өтпеу себептері – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (салаға сай мамандар емес, тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.

Бұдан басқа, өндірістік оқытуды жоспарлау мен өткізудегі, оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалаудағы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін жеке оқу бағдарламалары мен жоспар дайындаудағы қателіктердің орын алуы.

Бұл ретте Астана және Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Атырау облыстарының колледждері жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.

Тегтер: колледжлицензиястудент

Соңғы жаңалықтар

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласына білікті мамандарды тарту үшін қандай жағдай жасалады?

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішіне қалай жауап беруі тиіс? Сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz