Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: бір балаға аударылатын қаражат сомасы қанша?

ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында аударылатын қаражат туралы айтты.

14.02.2023
Қоғам

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қаржы министрлігі 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске қосу тәсілдерін әзірледі. Осы жоба бойынша ұсынылған тәсілдер Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте, сараптамалық қоғамдастық және басқа алаңдарда талқыланып жатыр. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді», — деді Дәурен Темірбеков Сенат депутаттарымен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, инвестициялық табыстың ықтимал теріс мәндерін жекелеген уақыт аралықтарында түзету мақсатында оның мөлшерлемесін алдыңғы кезеңдерде орташа жылдық шаманың негізінде айқындау жоспарланып отыр.

«Алдын ала бағалау бойынша мұндай тәсіл осы бағдарлама аясында туғаннан бастап қамтылатын балаға жыл сайын 150-160 АҚШ доллар көлемінде 18 төлем алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибені ескере отырып, жоба операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы айқындалады», — деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын айтқан болатын. Осы ретте жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын балалардың жеке шотына аударып отыруды ұсынды. Ауқымды жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ.

«Ұлттық банк осыған дейінгі жылдардағы Ұлттық қордың орташа табыстылығын ескере отырып, инвестициялық табыстың 50% есептейтін болады. Инвестициялық табыс мөлшерлемесін алдағы 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылады. Бұл тұрғыда бала жинақтарының болжамды сомасы шамамен 3 500 АҚШ долларын құрауы мүмкін. 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және инвестицияланады», — деді Дәурен Темірбеков.

Тегтер: жобаҰлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz