Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімдігінде «Ақылды қала» жобасы таныстырылды

Алматы облысының әкімдігінде «METROMAX GROUP» компаниясы «Ақылды қала» жобасын таныстырды.

14.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Мәскеулік нарықта 15 жылдық тәжірибесі бар компания талшықты-оптикалық желілерді орналастырумен айналысады. Сондай-ақ олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де арнайы жобаларды жүзеге асырып келеді.

Аталған компания қолға алған кезекті жоба «Ақылды қала» деп аталады. Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, Алматы облысы әкімінің назарына ұсынған бұл жобаның артықшылықтары көп. Олар «Ақылды қала» арқылы 100-ден астам қызмет түрін ұсына алатындарын жеткізді.

Атап айтар болсақ, жоба адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық, әлеуметтік басқару тиімділігін арттыру, инфрақұрылым жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз аула» жүйесін енгізу де компания ұсынатын қызметтер қатарына кіреді. Ал «ақылды жарық» жүйесін пайдалану электр энергиясына кететін шығындарды 65 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», — дейді «Метромакс» компаниясының бас директоры Дмитрий Петров.

Фото: Аслан Қажеке

Ал жоғарыда аталған жобаны табысты жүзеге асыру үшін арнайы бағаналар орнатудың маңызы өте зор.

«Көше қиылыстарында орналастырылатын бұл мұнаралар үкіметтік бағдарлама бойынша бейнебақылау және бейнетіркеу камераларын қоюға ыңғайлы. Сонымен қатар оған азаматтарды құлақтандыру және авариялық қызметтерді шақыру жабдықтарын орналастыру, қолжетімді ашық Wi-Fi желісін орнатуға болады», — дейді маман.

Фото: Аслан Қажеке

Компания өкілдерін тыңдаған облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев алдағы уақытта пилоттық жоба іске қосылатынын жеткізді.

«Әрине, жоба тың әрі қызық. Ең алдымен екі жақты Меморандум дайындалып, бас құжатқа негізгі жұмыс барысын енгізейік. Содан кейін облыстық Цифрлық даму басқармасы мен Полиция департаментінің қатысуымен бірлесе отырып, пилоттық жобаны іске қосамыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Ақылды қалаАлматы облысыБасты жаңалықтаржоба

Соңғы жаңалықтар

Токаев потребовал навести порядок в обращении с животными

Николай Иващенко
26.04.2026

Женщину зарезали в столовой в Талдыкоргане

Николай Иващенко
26.04.2026

Сотрудники «Казселезащиты» МЧС РК оперативно извлекли микроавтобус в горах Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

Взрыв в многоквартирном доме предотвратили спасатели в Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

Туриста спасли в горах Алматинской области

Николай Иващенко
26.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz