Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында мал ұрыларынан мезі болған тұрғындар наразылыққа шықты

Алматы облысы Ұйғыр ауданының халқы мал ұрыларынан мезі болдық, деп шағым айтты. Халықтың айтуынша аудан көлемінде жоғалған мал саны бірнеше жүзге жетті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

07.02.2023
Аймақ

«Мен былтырдан бері 10-15 бас сиыр жоғалттым. Ұрылар ұсталады, бірақ оларды шығарып жіберіп жатыр. Оларға ешқандай жаза қолданып жатқан жоқ. Ұрыны жазалайтын заң бар ма? Біз мал бағамыз ба, жоқ өстіп ұрыларды іздеп жүреміз бе?», — дейді Сүмбе ауылының тұрғындары.

Фото: Alataunews.kz

Әр үйден 7-8 малдан, тіпті 15 ірі қараға дейін жоғалғандар бар.

«Мен Қырғызсай ауылынанмын. Үйдің жанынан малымыздың ішінен таңдап-таңдап төрт бұқаны ұрлап кеткен. Полиция қамайды, сосын басқалар шығарып жібереді. Сот кешірім беріп шығарып жіберген», — дейді тұрғындар.

Тұрғындардың айтуынша, аудан бойынша 500 бастай ірі қара жоғалған. Жайлауда емес, үй іргесіндегі қорадан жоғалып жатыр.

Аудандық полиция бөлімі қолдан келген шараны істедік, бірақ соттың шешімі бөлек болды, дейді.

«Қаңтардың 25 күні мал ұрлығын жасаған үш адамды ұстадық. Үшеуі де мал ұрлағандарын мойындады. Бір тұрғынның 13 бас ірі қарасы, екі тұрғынның бір-бір ірі қараларын ұрлаған. Біз 48 сағатқа ғана қамай аламыз. Екі ай қамауда ұстау туралы сотқа өтініш жібердік. Біздің бұл өтінішімізді аудандық прокуратура да қолдады. Бірақ сот біздің өтінішімізді қанағаттандырмады. Үш күнге ғана үй қамақ ретінде шешім шығарды. Егер сот солай шешім шығармағанда біз әлі талай тергеу жұмыстарын жүргізер едік. Ал өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған жігітке қатысты нақты дәлел жоқ, қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсау» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — дейді Ұйғыр аудандық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Тұражан Махамед.

Аудандық полицияның айтуынша, екі айда ұрылармен тағы біраз қылмыстың беті ашылар еді. Алайда, сот шешімі бұған кедергі келтірген. Ұйғыр аудандық сотының екі жарым күнге үй қамақ деген шешімі аудан халқының наразылығын тудырды.

Облыстық сот Ұйғыр аудандық соты ұрыларды не үшін босатқандарын былай деп түсіндірді:

«Жәбірленуші өзіне келтірген шығынды толық өтеп берілгенше үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды сұрады. Г, К және Т есімді күдіктілер өздеріне тағылған айыппен келісетіндерін және өкінетіндерін айтып, кешірім сұрады. Күдіктілердің тұрақты жұмысы бар, тұрғылықты жерлері бар, жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеп берген. Тергеуге кедергі келтірмейтінін және бұрын қылмыстық әрекет жасамағандарын айтып үй қамақ түріндегі жаза қолдануды сұрады. Сот қаулысымен Ұйғыр аудандық полициясының екі айға қамауда ұстау туралы өтініші қанағаттандырылмады», — деп мәлімдеді Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысықылмыстық ісмал ұрлығыҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz