Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Алматы облысында тапшы мамандардың тізімі жасалуы керек — министр Саясат Нұрбек

Бүгін Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек іс-сапармен келді.

04.02.2023
Аймақ

Ол ең алдымен өңірдің даму жоспарымен танысты. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев министрге бас жоспардағы жобаларды талдап берді.

Ал министр Саясат Нұрбек Қонаев қаласында академиялық қалашық құру — аса маңызға ие жұмыс екенін айтты.

«Қазіргі таңда білім саласындағы басты түйіткіл — инфрақұрылымды бір ізге қою. Өйткені, ел аумағындағы демографиялық өсім мен шет мемлекеттен студенттердің ағылып келуі дәл осы мәселемен бетпе-бет кезіктіріп отыр. Бүгінде Қазақстанда білім алатын студенттердің саны — 626 мың, 2025 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңға жетсе, 2030 жылға қарай 1 млн-нан асып жығылмақ. Сондықтан академиялық қалашықты салу — аса маңызға ие жұмыс», — деді Саясат Нұрбек.

Алматы облысының әкімі Қонаев қаласының бас жоспарына сәйкес, қалашық үшін арнайы жер қарастырылғанын, көктемде бас жоспар бекітілгеннен кейін инфрақұрылымға қатысты жұмыстар жалғасатынын сөз етті.

«Алдағы уақытта мұнда экономикалық қолайлы аймақ құрылып, инфрақұрылым жолға қойылады. Шет елден келетін ұстаздар қауымын тұрғын үймен қамту мәселесін де қарастырамыз», — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ министр Саясат Нұрбек облыс шенеуніктеріне тапшы мамандар тізімін жасауды тапсырды. Және өңір басшылығымен бірлесе отырып, екіжақты жол картасын дайындауды ұсынды. Оның айтуынша, құжат бір аптаның ішінде рәсімделуі тиіс.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, министрлік алдыңғы қатарлы шетел университеттерімен келіссөз жүргізу арқылы Қонаев қаласында бірнеше ЖОО-нын ашуды көздеп отыр. Жоспар бойынша G4 Citу-де үлкен индустриялық, өнеркәсіптік класстер орналаспақ. Сол үшін арнайы мамандарды дайындауымыз қажет. Жаңадан қалыптасып жатқан өндірістік аймаққа қажетті мамандардың тізімін жасақтап, кадрлық тапшылықты айқындау керек», — деді министр Саясат Нұрбек.

Тегтер: Алматы облысыбас жоспарБасты жаңалықтарҚонаев қаласыСаясат Нұрбек

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz