Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Түркістан облысында су тасқыны: құтқарушылар түні бойы жұмыс істеді

Өңірде 200-ге жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖМ.

03.02.2023
Аймақ
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта 4 елді мекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға және Арыс қаласында су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басу жағдайының алдын алу үшін 12 000 мың құм салынған қап төселді.

Қарнақ ауылы, Кентау қаласы, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында барлығы 21 көше мен 235 аула аумағын, сондай-ақ Ордабасы ауданында мектепті су басқан.

Жұмыс жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 400-ден астам адам, 70-ке жуық техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам және 201 ұсақ мал эвакуацияланды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

1 of 6
- +

Республикалық және облыстық жедел штаб жұмыс істеп тұр.

Жедел желі телефондары: Астанада — 8 717 253 32 84; Түркістан облысында — 8 725 335 78 81.

Облыстық маңызы бар 11 автомобиль жолының 23 учаскесінде жол төсемін су шайды. Су тасқынына байланысты облыстық маңызы бар «Көксаят-Ақсу-Саян-Мыңбұлақ-М-32», 118-136 км 117-179 автожолы жабылды.

Су тасқынының салдарымен күресу үшін Түркістан облысына Шымкент қаласының ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын жуып (жаңбыр, қар), ауа температурасы көтеріліп, қар тез ериді, еріген және еңіс ағынының қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Тегтер: су тасқыныТЖМТүркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz