Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тауарға ілеспе жүкқұжатты рәсімдеу кәсіпкерлерге қолбайлау болып отыр

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің кезекті отырысында сөз етілді.

31.01.2023
Аймақ

Мамандардың айтуынша, тауарын шекарадан шығармақ болған кәсіпкерлер бір құжатты 2-3 рет рәсімдейді. Бұл процесс бизнес өкілдерінің жұмысын қиындатып отыр.

«Қазіргі уақытта Еуропаға қарағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағына шығару әлдеқайда қиындады. Себебі, кәсіпкерлер қосымша құжат (тауарға ілеспе жүкқұжат) рәсімдеумен әбігерге түсіп жүр. Ал жүкқұжат электронды шот-фактураны (ЭШФ) қайталайтын құжат екені рас. Сондықтан кәсіпкерлер ТІЖ және виртуалды қойма (ВҚ) мәселесін қайта қарастыруды ұсынып отыр», — деді кеңес төрағасы Григорий Мерисов.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар ЭШФ — тауар айналымын бақылау және қадағалау үшін енгізілгенін, соның әсерінен бизнес өкілдері жасайтын есептер саны азайғанын айтты. Олардың мәліметінше, ЕАЭО-дан келген не ол жаққа шыққан тауарлар ВҚ-ға ТІЖ арқылы рәсімделеді. Бұл процесс — адамдардың уақытын алады және бар шараның мерзімін ұзаққа созып жібереді. Мұның орнына ЭШФ есебін пайдалану тиімдірек.

Кеңес соңында қатысушылар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және «Виртуалды қойманы» жою туралы Кедергі картасын жіберу туралы шешім қабылдады.

Тегтер: Алматы облысыжүкқұжаттауар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz