Парламенттің жоғарғы палатасының сайлауалды науқаны аясында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреулер оқ жаудырған.
Жараланған шенеунікті тікұшақпен ауруханаға жеткізген. Кеуде және мойын тұсынан ауыр жарақат алған Синдзо Абэ көп ұзамай көз жұмған.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, оқиға орнында Нара қаласының 41 жасар тұрғыны Тэцуя Ямагами күдікті ретінде бірден ұсталған. Тұтқындау кезінде ер адам қарсылық көрсетпеген.
Айта кететін жайт, Синдзо Абэ Жапонияның премьер-министрі болып екі рет 2006-2007 және 2012-2020 жылдар аралығында сайланған. Ол ел тарихында ең ұзақ уақыт қызмет атқарған премьер-министр .