Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мьянмада құлдықта болған Қазақстанның екі азаматы Алматыға жеткізілді

Мьянмада құлдықтан босап шыққан Қазақстанның екі азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

23.01.2023
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

«Жақында еліміздің екі азаматы Қазақстанға жетті. Жұма күні туыстары хабарласып, Мьянмадағы компаниядан қашып шыққандары туралы айтты. Біздің консул дереу Таиландтың шекарасына барып, Мьянмадағы шағын қалашықтың шетінен оларды алып кетті. Осы орайда оларға қауіпсіз жерге жасырынуға нұсқау бердік. Өйткені аталған компания өкілдері оларды іздейтін болса, бұл азаматтарды дереу тауып алатыны анық еді. Жергілікті тұрғындар да осы компанияға көмектесуі мүмкін еді», — деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Бангкокке жеткізілгеннен кейін, олардың құжаттары рәсімделген. Көші-қон заңнамасын бұзу деректеріне қатысты айыппұлдары төленді.

«Сонымен қатар, оларға Қатар арқылы әуе көлігімен ұшып келу үшін билет сатып алынып, кейін Алматыға жеткізілді», — деді ресми өкіл.

Еске салайық, 16 қаңтар күні ҚР Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдеріне Таиланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғаны туралы мәлімдеген қазақстандықтардың жағдайы туралы айтқан еді. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі екенін жеткізген.

Тегтер: құлдықМьянма

Соңғы жаңалықтар

Алматинская область расширяет транспортно-логистическое партнерство с Китаем

Николай Иващенко
01.04.2026

95 лет и новое сердце: уникальная операция без разреза спасла жизнь пациентке 1931 года рождения

Николай Иващенко
01.04.2026

29 человек погибли при крушении Ан-26 в Крыму

Николай Иващенко
01.04.2026

«Самрук-Қазына» построит в Конаеве новый спортивный комплекс

Николай Иващенко
01.04.2026

Марат Султангазиев встретился со студентами Алматинской области, обучающимися в Китае

Николай Иващенко
01.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz