Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Інісінің орнына ҰБТ тапсырмақ болған жігіт ұсталды

Биылғы ҰБТ кезінде інісінің орнына тест тапсырмақ болған жігіттің әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

07.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәліметті.

«Алматы облысында талапкер ҰБТ- ға өзінің орнына басқа тұлғаны, яғни, ағасын жіберген. Тестілеуге кіргізу кезінде Face ID — жеке басын сәйкестендіру жүйесі бөгде адамды анықтады. Тиісті іс-шаралар қабылданды. Естеріңізге сала кетсем, өткен жылы осындай 18 жағдай тіркелген еді», — деді Руслан Емелбаев.

Осы орайда, биыл тестілеу алғаш рет «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілгенін атап өткен жөн. Аталған ереже бойынша оқуға түсушінің тест тапсыру орнында негізгі камера, түлектің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін алдыңғы веб-камера орнатылған. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруіне кедергі болады.

Руслан Емелбаев ҰБТ-дан кейінгі тексерістер жайлы: «Біз барлық бейнежазбаға 31 желтоқсанға дейін талдау жасаймыз. Егер тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, талапкер білім беру грантынан айырылады. Ал биыл прокторинг кезінде 15 мектеп бітірушінің нәтижесі жойылды. 200-ден астам талапкердің нәтижесі әлі тексеріс үстінде», — деді.

Естеріңізде болса, бұл ереже алғаш рет 2020 жылы қолданылған еді. Нәтижесінде, 2020 жылы 152 тестіленушінің, 2021 жылы 52 талапкердің нәтижесі жойылған болатын.

Тегтер: жас түлекҰБТ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz