Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында этносаралық мәселелерді талдайтын сарапшылар алаңы ашылады

Алматы облысында этносаралық қатынастар саласындағы түрлі процестер мен қордаланған мәселелерді талдайтын «Dialog» арнайы сарапшылар алаңы ашылады.

17.01.2023
Аймақ

Бұл туралы Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Қоғамдық диалог – өзара сенім мен түсіністіктің негізгі өзегі, басты тұтқасы екендігі белгілі. Келелі кеңес құрып, түрлі түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу – олқылықты жайттардың алдын алуға елеулі септігін тигізбек», – дейді Жандар Асан.

Оның айтуынша, «Dialog» сарапшылар алаңын құрудағы басты мақсат – өңірдегі этносаралық қатынастар саласында орын алып жатқан түрлі процестер мен қордаланған жайттарды талдау. «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан құрылатын клубта белгілі қоғам белсенділері, сарапшылар мен этномәдени ұйымдардың төрағалары бас қосып, орнықты ойларымен бөліспек.

Нәтижесінде сауатты талдамалық ұсыныстар даярланып, арнайы қарар қабылданады. Сарапшылар клубының отырысы онлайн және оффлайн форматтарда әр ай сайын өткізілетін болады. Талқылаулар онлайн режимде әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде таратылады. Осы арқылы көрермендер өз сұрақтары мен пікір-ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алады.

«Клуб қызметінің маңызды бағыты – аймақтағы этносаралық шиеленісті анықтау және алдын алу, бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптейтін баянды бастамаларды іске асыру», – деп атап өтті Жандар Асан.

Тегтер: Алматы облысысарапшылар алаңы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz