Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында су желілерінің 60 пайызға жуығының тозығы жеткен

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қайсар Әбсейітов айтты.

13.01.2023
Аймақ

«Облыстағы су желілерінің жалпы ұзындығы — 5128 км. Оның ішінде, 57,7%-ның тозығы жеткен. 2959 шақырым су құбырын қайта жөндеуден өткізу қажет», — деді маман.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін сумен жабдықтау құрылыстары бойынша 28 жобаны іске асыру үшін бюджеттен 9,5 млрд. теңге бөлінді. 2022 жылы Кеген және Талғар аудандарындағы 2 нысанның құрылысы аяқталды. Сондай-ақ өткен жылы қаражаты игерілмей қалған жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 5 нысанның қаржысын қайтаруға аудандардан ұсыныс түскен. Олар: Қарасай, Ұйғыр, Райымбек, Талғар аудандары.

«Аталған 28 жоба аяқталса 534 шақырым су желісі салынады және қайта жөндеуден өтеді. Нәтижесінде сумен жабдықтау желілерінің тозуы 57,7%-дан 47%-ға дейін төмендейді», — деді Қайсар Әбсейітов.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алматы облысындағы елді мекендердің 92,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл мамандар бұл көрсеткішті 94 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Тегтер: Алматы облысысу желілері

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz