Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Бурабайдағы балалар лагерінде жасөспірім көз жұмды

Полиция Ақмола облысының Бурабай ауданындағы оқу-сауықтыру орталығында жасөспірімнің өлімін тергеп жатыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың онкологиялық ауруы болған.

12.01.2023
Арнайы жоба

11 қаңтарда таңғы сағат 7 шамасында Бурабай ауданының полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшерінен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған баланың балалар оқу-сауықтыру орталықтарының бірінде қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

14 жасар бала Ақтөбе облысынан Бурабай лагеріне 9 қаңтарда келген.

«11 қаңтарға қараған түні жасөспірім іші ауыратынын айтып шағымданған. Сырқаты күшейіп, таңғы сағат 05.00 шамасында лагердің медициналық бөліміне жүгінген. Жедел жәрдем шақырылған, алайда бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болды», — деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Жасөспірімнің қайтыс болу фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.

«11 қаңтарда қайтыс болған жасөспірімнің өліміне анемия себеп болғаны анықталды. Негізі бала кіші жамбастың қатерлі ісігіне шалдыққан. Метастаза денеге тарап кеткен», — деп толықтырды ведомство.

Тегтер: Бурабай

Соңғы жаңалықтар

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
17.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
17.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
17.09.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
17.09.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Акжаркын
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz