Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жасөспірім қызды анасының көңілдесі зорламақ болған

Алматы облысы Талғар ауданында 14 жастағы қызды анасының көңілдесі зорламақ болған. Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, бұл кезде анасы да, ер адам да мас болған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап.

10.01.2023
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «НеМолчи» қорының басшысы Дина Смайылова мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам ұйықтап жатқан қызды шешіндіріп, сүйе бастаған. Осы кезде қыз оянып кеткен. Полиция шақырғанымен, тәртіп сақшылары іс қозғамаған.

«Егер сүйсе, демек, денесінде сілекейі қалу керек қой. Бұл биологиялық материал емес пе? Неліктен арызды қабылдамай, қылмыс орнын тексермеген? Не үшін қызды сараптамаға жібермеді? Қорғаушыны шақырып, тергеу барысын неліктен видеоға түсірмеді? Психолог пен балалар омбудсменін неге шақырмаған? Енді дәлелдің барлығы жоғалды және педофилияға қатысты істің жартысы дәл осылай жабылып қалады», – деді Дина Смайылова.

Жазбаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов қылмыстық істің Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

«9 қаңтар күні сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі тергеу барысы мен қорытындысы Алматы облыстық полиция департаментінің бақылауына қойылды», – деді ол.

Тегтер: Алматы облысыоқиға

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz