Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының тұрғыны құтқарушылар көмектесудің орнына айыппұл салмақ болғанына шағымданды

Тұрғынның айтуынша, 4 қаңтар күні Арна ауылында орналасқан жұмысына төте жолмен кетіп бара жатқанда көлігі суға батып қалған. Ал құтқарушылар ол жерге 50 минуттан соң келген.

10.01.2023
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

«Жылыжайға әдетте осы жолмен барамын. 30 желтоқсан күні жер қатқақ болып жатқан. Өзім Қонаевтағы №10 шағын ауданда тұрамын. Арнаға айналма жолмен барғаннан гөрі төте жолмен жету тиімдірек. Уақыт та, жанармай да үнемделеді. 4 қаңтар күні таңғы уақытта сол жолмен бара жатып, көлігім суға белшеден кіріп, батпаққа тығылып қалдым», — деді Ольга Кузьмина.

Көлігінің есігі құлыпталып қалған соң Ольга терезені ашып, сыртқа шыққан. Сосын бірден облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласқан. Ал құтқарушылар 1 сағатқа жуық уақытта келгенімен қоймай, еш көмек көрсетпестен суретке түсіріп алып, Қонаевқа қайтып кеткен.

«Құтқарушылар газельмен келді. Көлікті судан шығарып алуға да тырыспады. Керісінше, подполковник мырза маған қауіпсіздік ережелерін сақтамағаным үшін 12 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты. Таң ата қоймаған шақта алдымдағы судың терең екенін байқамадым. Арада 2 сағат өткен соң 10 мың теңге төлеп, КАМАЗ-бен көлігімді шығартып алдым. Біраз уақыттан кейін подполковник қайтадан хабарласып, ТЖД-нің айыппұл салмайтын болып шешкенін жеткізді», — деді тұрғын.

Ал облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлмира Әбілқасымова адам өміріне қауіп төніп тұрмаса, құтқарушылар көлікті судан шығарып алуға міндетті емес екенін алға тартты.

«4 қаңтар күні сағат 08.02-де теміржол маңындағы төте жолда көліктің суға батқаны туралы ТЖД-не хабар түсті. Құтқарушылар оқиға болған жерге келген уақытта көліктің ішінде ешкім болмады. Аталған жағдай ҚР ӘҚБтК-нің су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау бабына (412-бап) сәйкес келмегендіктен, айыппұл салынған жоқ», — деді Гүлмира Әбілқасымова.

Ольга Кузьмина арнайы тас жолмен жүрмей, жоспарда белгіленбеген жолмен жүргені үшін көлікті өз қаражатына қалпына келтіреді.

Айта кетейік, оқиға болған шақтан 6 күн өтсе де, бұл жолдың бойына көліктер өтуге қауіпті екені жайлы ескерту белгілері қойылмаған.

Тегтер: Алматы облысыТЖД

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz