Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында департаментті тастап кеткен басшының соты басталды

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің бұрыңғы басшысы Серік Күдебаевтың ісіне қатысты тыңдау басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.01.2023
Жаңалықтар

Күдебаевтың адвокаты сотқа өзінің қорғаушысының іс-әрекетінде қылмыс құрамы мен қылмыс оқиғасы жоқ, сол себепті қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді.

«Сізден осы қылмыстық істі тоқтатуыңызды және генерал-майор Күдебаевты қызметке қайтаруыңызды сұраймын. Өйткені ол қауіпті салада төтенше жағдайларда өз борышын адал атқарды. Отанға жанқиярлықпен қызмет етті. Қазір жүздеген азаматтардың өмірін сақтап қалғаны үшін және наразылықты ушықтырмағаны үшін әділетсіз түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр», — деді адвокат.

Серік Құдебаев «билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа тартылды.

Бүгін Мәжілісте 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар туралы деректі фильм көрсетілді. Фильм кадрларында Күдебаевтың тәртіпсіздік кезінде өзіне сеніп тапсырылған департаментті тастап кетіп бара жатқаны көрсетіледі. Кейінірек бүлікшілер келіп, департамент ғимаратынан қару-жарақ арсеналын шығарып әкеткен.

Айта кетейік, Серік Күдебаев 2020 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Өткен сәуірде ол өз еркімен полициядан кеткені белгілі болды

Тегтер: қаңтар оқиғасыСерік Күдебаев

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында заңсыз көші-қонды бақылауға жасанды интеллект тартылды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz