Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева 2-ші рет Әлем чемпионы атанды

Алматыдағы Әлем чемпионаты Бибісара Асаубаева мен Магнус Карлсеннің бенефисімен аяқталды Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында блиц шахматтан Әлем чемпионатында жерлесіміз чемпион атанды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.12.2022
Жаңалықтар

Мереке қарсаңындағы соңғы жарыс күні гроссмейстерлер үшін оңай болған жоқ. Қарбаласқа толы кездесулер нәтижесінде қазақстандық Бибісара Асаубаева блиц шахматтан қатарынан 2 дүркін Әлем чемпионы атанды. Ол барлық 17 ұпайдың 13-іне қол жеткізді. Айта кетейік, былтыр Бибісара блиц шахматтан ең жас әлем чемпионы атанған.

«Бүгін 2-рет әлем чемпионатында жеңіске жеттім. Былтыр өте сенімді ойын көрсетіп, топ жардым. Алайда биыл сондай жақсы қарқын көрсете алмадым. Қазір отбасыммен біраз уақыт бірге болып, демалғым келеді», — деп айтты Бибісара баспасөз жиынында.

Ал ерлер арасында норвегиялық Магнус Карлсен Алматыдағы 2-алтынын мойнына тақты.

Айта кетейік, 2 күн бұрын шахматтың рапид түрінен қытайлық Тань Чжунъи жеңімпаз атанса, оған тай-брейкте есе жіберген Динара Сәдуақасова күміс медальге ие болды. Ал қола жүлде үндістандық Савита Шридің еншісінде кетті.

Ерлер арасында Алматыда норвегиялық Магнус Карлсенге тең келер шахматшы табылмады. Ол 13 турдан кейін 10 ұпай жинап, рапидтен 4 дүркін Әлем чемпионына айналды (2014, 2015, 2019 бен 2022 жылы). Германиялық Винсент Кеймер күміс, америкалық Фабиано Каруана қолаға қол жеткізді.

Жалпы Алматыдағы ақыл-ой аламанына 50-ден астам елдің таңдаулы ойыншылары келді. Биылғы чемпионаттың жүлде қоры – $1 млн.

Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар – FIDE мен Қазақстан шахмат федерациясы. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетті.

Тегтер: алматыәлем чемпионыБибісара Асаубаевашахмат

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz