Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«АлЭС» АҚ стансаларының негізгі жабдықтарының 80% тозығы жеткен

Бұл туралы Алматы облысының тұрғындарымен кездескен ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

25.12.2022
Аймақ

«АлЭС» АҚ стансаларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозуы – 80 %, «Мойнақ ГЭС» АҚ – 28%-ды құрайды. Энергетика министрлігі «АлЭС» АҚ электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті 11,19 теңге/кВтсағ, «Мойнақ ГЭС» АҚ – 11,71 теңге/кВтсағ деңгейінде бекітті», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, облыстағы электр энергиясының кемшіліктері «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ірі энергетикалық жүйесі арқылы жабылады. Бірақ мұнда да проблема жоқ емес. Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ақпараты бойынша электр желісінің тозуы 66,5 %-ға жетті.

«Жоғары тозуды азайту мақсатында «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданады. Ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін қайта құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді жаңа бағдарлама туралы сөз қозғаған Жандос Нұрмағанбетов.

Сонымен қатар ол жақында «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, «АлЭС» Акционерлік қоғамы Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын кәсіпорын.

Облыстың электр және жылу энергиясына қажеттігін Алматы ЖЭО-3 (Электр және жылу), Қапшағай ГЭС (электр) және Мойнақ ГЭС (электр) қамтамасыз етеді, олардың белгіленген электр қуаты 837 МВт-қа тең.

Биыл облыста электр энергиясын өндіру көлемі 6 млрд. кВтсағ құрады. Ал тұтыну көлемі — 10,2 млрд. кВтсағ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz