Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында өрттің алдын алу: мұқтаж отбасылардың пештері жөнделді

ТЖ жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Алматы облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

14.12.2022
Жаңалықтар

«Өңірдегі жағдай тұрақты. Есепті кезеңде төтенше жағдайлар саны 11,2% азайды, 546 жағдай тіркелді, қаза болғандар саны 45,9% азайды. Жалпы мамандар 4752 шақыртуға барды, 114 адам құтқарылды және 206 адам эвакуацияланды», — деп атап өтті биылғы жылды қорытындылай келе Ибрагим Күлшімбаев.

Өңірде 1 қазаннан бастап жылыту кезеңі басталды, оған дайындық тамыз айында пысықталды.

Барлығы 269190 тұрғын үй есепке алынды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары — 6032. Қазақстан Республикасының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жылу беру кезеңі басталар алдында халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық азаматтарының тұрғын үйлеріне комиссия барды. Алматы облысында олардың саны 6032.

Әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыс халқының әлеуметтік осал топтарының 1492 үйінде 926 көміртегі тотығын анықтау датчигі және 566 түтін детекторы орнатылды, сондай-ақ 146 үйде пеш жөнделді және 84 үйге электрмен жабдықтауды жөндеуге көмек көрсетілді.

Кездесу барысында вице-министр азаматтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, азаматтарға жеке онлайн-қабылдау өткізді.

Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру қорының комиссиясы өсті

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне кірді

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Hydroelectric power station generates electricity in mountain landscape generated by artificial intelligence

Қазақстанда үш шағын гидроэлектр станциясы салынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Синоптиктер болжамы: елімізде +30 градусқа дейін жылынады

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz