Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы белгіленді

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы болып белгіленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықова мәлім етті.

14.12.2022
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленіп жатыр. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды.

Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады.

Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланды.

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Оны 2023 жылғы наурыздың соңына дейін қабылдау көзделді.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және олар үшін жайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл үшін институционалдық қамтамасыз етуді дамыту арқылы ауылдық саясат тәсілдерінің тиімділігі арттырылады.

Қазіргі уақытта тұжырымдаманың жұмыс жобасы жергілікті атқарушы органдармен талқыланып жатыр», — деді бірінші вице-министр.

Оның айтуныша, Кәсіпкерлік кодекске инвестициялар туралы келісім жасасу процесін жеңілдету үшін түзетулер әзірленді.

«Тиісті Заң жобасы Парламент Сенатының қарауында. Атап айтқанда, басым қызмет түрлерінің тізбесінен тыйым салынған тізімге көшу арқылы инвестициялар туралы келісімдердің қолдану аясы кеңейтіледі.

Инвесторлардың шығындарын азайту және инвестициялық шешімдер қабылдауды жеделдету үшін «ready-built factory» типі бойынша дайын өндірістік алаңдарды ұсыну бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді Тимур Жақсылықов.

Тегтер: Ұлттық қор

Соңғы жаңалықтар

Наурыздағы ҰБТ қорытындысы шықты: ең жоғары балл — 140

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында бір жылда 44 жаңа медициналық нысан ашылды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қонаевта қамыс өртеніп жатыр: оқиға орнына құтқарушылар жетті

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Қазақстанда 2026 жылы әскери парад өтпейді

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

Алматы облысында «Тайқазан – 2026» кәсіби шеберлік фестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz