Қос тараптың ұйымдастыруымен 70-тен астам азамат «Бизнес бастау» курсында білімін жетілдірді. Олар электро-газбен дәнекерлеуші, шаштараз, тігін ісі қызметтері бойынша білім алды. Нәтижесінде 16 азамат өз кәсібін ашып, жүргізіп отыр. Кәсіпті енді қолға алған кәсіпкерлер болашаққа сеніммен қарайды.
«Қазіргі уақытта Қонаев қаласында әйелдерге арналған тігін цехі жабдықталды. Бұл жерде ұлттық нақыштағы киім-кешектер тігу жоспарлап отыр. Дәл осындай ерлерге арналған кәсіпорын Еңбекшіқазақ ауданында ашылды. Цех жұмысы автокөлік және жихаз жабындыларын тігуге, сондай-ақ ескі жихаздарды қайта жаңғыртуға бағытталады», – деді қоғамдық қордың басшысы Медет Бекбергенов.
Айта кету керек, жобаның тағы бір ерекшелігі аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық мақсатында азық-түлік себеттерін тарату қаралған. Осыған орай 25-ке жуық отбасыға азық-түлік себеттері мен киім-кешектер таратылды.