Атаулы датаға байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жыл қорытындысы бойынша номинация жеңімпаздарын марапаттады.
Марапатталғандар тізімі келесідей:
І. «Үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері» номинациясы:
1-дәрежелі дипломмен Райымбек ауданының «Райымбек-Нан» ЖШС директоры МУСАЛИМОВ ӘДІЛЕТ АМАНТАЙҰЛЫ және Жамбыл ауданының «Азамат-1» шаруа қожалығының төрағасы ШУЕНБАЕВ АМАНЖОЛ марапатталды. Бұл шаруашылықтарға МТЗ-80 тракторын табыс етілді.
2-дәрежелі дипломмен және 700 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен Іле ауданының «Сарыбұлақ» ЖШС директоры СМАИЛОВ ЖЕҢІС және Еңбекшіқазақ ауданының «Сайн» шаруа қожалығы АЛДАЖАРОВ ТАЛҒАТ САИНҰЛЫ марапатталды.
3-дәрежелі дипломмен және 600 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен Қарасай ауданының «Алсад Агро» ЖШС директоры ТЛЕУЛИЕВ ОНДАСЫН БАЯНБЕКҰЛЫ марапатталды. Кеген ауданының «Жібек Жолы» шаруа қожалығының төрағасы ДАРКЕНБАЕВ ҚАЙРАТ СҮЙІНБАЙҰЛЫ да 3-дәрежелі диплом және 500 000 теңге ақшалай сыйлық иеленді. Бұл шаруашылық 1993 жылы Голландиядан картоп тұқымын әкеліп, әр гектарынан 35 тоннадан өнім алған.
ІІ. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу» саласының жеңімпаздары:
1-дәрежелі дипломмен және 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен Балқаш ауданының «ПК-Динара» ЖШС директоры АЙМЕНОВ МЫРЗАҚАСЫМ АЛИПБЕКҰЛЫ;
2-дәрежелі дипломмен және 400 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен Ұйғыр ауданының «OTAN GREEN FOOD» ЖШС директоры МЫРЗАҒАЛИЕВ ЕРЛАН НҰРЛАНҰЛЫ;
3-дәрежелі дипломмен және 300 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен Іле ауданының «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС директоры ЛИПИНСКАЯ МАРИЯ ВАЛЕРИЕВНА марапатталды.
Сонымен қатар облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі байқауының жеңімпазы атанған елді мекендер 1,2 және 3-дәрежелі дипломға, ақшалай сертификатқа ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram





