Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Junior Eurovision-2022»: Қазақстан 15-орын иеленді

Армения астанасы Ереван қаласында өткен «Junior Eurovision-2022» халықаралық ән байқауында франциялық өнерпаз жеңімпаз атанды.

12.12.2022
Жаңалықтар

Аталған өнер сайысында Қазақстан атынан Давид Чарлин өнер көрсетті. Ол сахнаға үшінші болып шығып, жоба үшін арнайы жазылған «Жер-Ана» атты әнін орындады.

Дауыс беру барлық қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін басталып, 15 минут бойы жалғасты. Байқау нәтижесі ұлттық жюридің бағалауы мен әлемінің 178 елінің халқы берген онлайн-дауыс қорытындысы бойынша шығарылды. Оған сәйкес, франциялық әнші Лиссандро «Oh Maman!» туындысымен жеңіске жетті. Екінші орынды Армения елінің қатысушысы Наре иеленсе, Грузия елінің өнерпазы Мариам Бигвава үшінші орынға тұрақтады.

Ал қазылар алқасы қазақстандық Давид Чарлиннің өнеріне — 5, көрермендер — 42 бал беріп, жалпы есепте 47 ұпай жинады. Осылайша, Қазақстан «Junior Eurovision-2022» халықаралық ән байқауында 15-орын иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан «Junior Eurovision» додасына осымен бесінші рет қатысты. Биыл ән байқауында елімізден бөлек, 15 еуропалық мемлекеттің жас әншілері бақ сынады.

Еске салсақ, 2018 жылы бұл байқауға Қазақстан атынан алғаш болып жас әнші Данелия Тулешова қатысып, 6-орын иеленген болатын. 2019 жылы жалпы дауыс беру нәтижесінде Ержан Максим 2-жүлделі орынға ие болды. 2020 жылы Қарақат Башанова да 2-орынға табан тіреді. Былтыр Қазақстаннан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин қатысып, 19 елдің ішінен 8-орынға тұрақтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz