Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 112,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

08.12.2022
Жаңалықтар

Онда Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, аймақтағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануына қатысты түгендеу жүргізу және игерілмей, қараусыз қалған алқаптарды мемлекет меншігіне қайтарып, қолынан іс келетін шаруаларға беруге қатысты мәселе қаралып, талқыланды.

Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Бөлтірік Жақыповтың айтуынша, облыс аумағында ауыл шаруашылығына арналған жерлерді түгендеу, игерілмей жатқандарын мемлекетке қайтару бағытындағы жұмыс ретімен және заң аясында жүргізіліп жатыр. Жыл басынан қазірге дейін  мемлекет меншігіне 112,6 мың гектар жайылым жер қайтарылыпты. Оның ішінде 57,8 мың гектар алқап меншік иелерінің өз еркімен қайтарылса, 41,5 мың гектар жер мемлекет мұқтаждығы үшін алынған. Тағы 13,3 мың гектар сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылған. Департамент тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде, 218 мың гектар алқаптар бойынша жер заңнамасы бұзғаны анықталды.

Ал облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының айтуынша, жайылымның жетіспеуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар босалқы жерлерден 332,3 мың гектар жер телімін қосымша жайылым ретінде бекітіпті. Бұл жұмыс та алдағы кезде жалғаса береді.

«Бүгінде облыс бойынша ауыл тұрғындарының мал жаю үшін барлығы 573,3 мың гектар жайылым бекітілді. Бұдан басқа, облыс аумағында жалпы ауданы 78,3 мың гектар болатын жайылым жерлерді мемлекет мұқтаждығына алу үшін бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», − дейді басқарма басшысы Сәбит Сәдуақасов.

Жалпы, облыс аумағында  пайдаланылмайтын жер телімдері бойынша 196,5 мың гектарда орналасқан 803 субьектіге қатысты жинақталған  материал шара қолдану үшін Жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz