Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Қылмысы сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту көбейіп барады

Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары жиілеп барады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

05.12.2022
Қоғам

«Қазақстанда қылмыстық әрекеті сотта дәлелденген қаржы пирамидаларына қайта қаражат тарту жағдайлары көбейіп барады. Оларды бұрынғы жалған инвестициялық қызметтің ойдан шығарылған тұрақтылығын көрсетіп, танымал атауларды, ақша тартудың бірдей әдістерін қолданатын арам пиғылды адамдар ашады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі «LV Force», «World Business Consulting», «The Finico», «Caspian Crocus», «B2B Jewelry», «ПК Елімай-2019», «Мебельный проект Нур», «Лидер», «Лидер капитал-168», «Нарымбетова», «Hermes -LTD» және т.б. сияқты қаржылық пирамидалардың қызметіне тосқауыл қойған болатын.

Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырған.

«Компаниялар қаржы пирамидасы болып, халық жинаған қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына ілініп, ақшаларын салу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржылық пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолданып жатыр. Азаматтарды қырағы болуға, жинақтарын күмәнді қаржылық компанияларға салмауға шақырамыз! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз», — деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі

Тегтер: қаржықылмыспирамида

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz