Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс қазақы тазы мен төбет тұқымын сақтап, көбейту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтап, көбейту туралы заң жобасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.

30.11.2022
Жаңалықтар

Құжат Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін көбейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу.

Өзгерістер мен толықтырулар «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына енгізіліп отыр.

«Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік саясатты іске асыру, иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту, иттердің ұлттық тұқымдарының есебін жүргізу бойынша мониторингті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленген», — деді комитет мүшесі.

Аталған заң жобасын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қаражат керек деген есеп бар.

Еске салсақ, тамыз айында қазақы тазы мен төбетті сақтау мәселесін Президенттің Іс Басқармасы қолға алғаны хабарланған.

Тегтер: мәжіліссенат

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz