Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Екібастұз жылу мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізіледі — Әлихан Смайылов

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Екібастұз қаласындағы жағдайды қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

29.11.2022
Саясат

«Екібастұз қаласында жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керек. Апатқа себеп болған барлық мәселені шешу қажет. Энергетика министрлігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, Екібастұз жылу мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізсін.

Қыс басталмай жатып, осындай төтенше жағдай болып отыр. Барлық әкім бұдан қорытынды шығаруы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, ол Энергетика және Индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетикалық объектілерге толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

«Үкіметке тиісті ақпаратты енгізсін. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру керек. Апат қаупі жоғары объектілер бойынша жабдықтар мен инфрақұрылымына ерекше назар аудару керек. Барлық жылу және энергия жүйесінің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін осы объектілердің меншік иелерімен жұмыс жүргізу керек», — деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz