Қарапайым әйелден миллионерге айналған нәзік жандылар елдің барлық өңірінен жиналды.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған республикалық салалық сыйлықтың иегерлері – Business Lady Qazaqstan байқауының жеңімпаздары мен түрлі бағытта бизнес ашып, жетістікке жеткен ханымдар.
«Байқау жылда дәстүрлі түрде барлық аймақта өткізіледі. Оған кәсібін дөңгелеткен кез келген әйел қатыса алады. Мақсат – бизнестің белесін бағындырған әйелдердің бейнесін жұртқа паш етіп, оларды жаңа қырынан ашу, одан бөлек өзгеге үлгі етіп, мотивация беру. Бүгін осы байқаудың жеңімпаздары мен аймақтарда жетістікке жеткен Бизнес Ханымдар жиналып отыр. Оларды марапаттау — біз үшін мәртебе», — дейді Business Lady Qazaqstan ҚҚ басқармасының төрайымы Сауле Қайсар.
Марапаттау рәсімі биыл да салтанатты түрде өтті. Бизнес Ханымдарға қолдау көрсетуге осы шараның амбассадоры Дана Есеева, Мамасита лақап атымен танымал блогер Әлия Байтуғаева, белгілі әншілер Айдос Сағатов, Бақыт Шадаева, Жазира Байырбекова сынды жұлдыздар келді.
«Мен әйелдердің осындай мақсатқа жете алатын қасиетімен мақтанамын. Бірақ олардың көп жағдайда отбасына көңіл бөлуге мүмкіндігі болмай жатады. Бұл – барлық әйелдің өміріндегі ең ауыр тұсы. Сондықтан, олар барынша бәріне бірдей: жолдасы, баласы, жұмысы және өзіне көңіл бөле алатындай баланс тапса екен деп тілеймін. Өйткені, жұмыстан да маңызды дүние – ол бақытты уақытында сезіне біліп, жұмыстың рахатын көрулеріңізді тілеймін», — деді әйгілі блогер Әлия Байтуғаева.
Лауреаттар тізімі аталған ұйымның Инстаграмдағы ресми парақшасында жарияланды. Айта кетейік, қазіргі уақытта Business Lady Qazaqstan қоғамдық қауымдастығының аймақтарда 8 филиалы жұмыс жасайды. Былтырдан бастап ұйымның шекарасы кеңейіп келеді. Мәселен, АҚШ пен Түркияда екі филиалы ашылды.
Business Lady Qazaqstan — 2022 байқауының Гран-При иелері:
- Қарлығаш Нұрқабекова, Астана қаласы.
- Юлия Соловьева, Қостанай қаласы.
- Екатерина Камардина, Екібастұз қаласы.
- Вероника Салова, Оңтүстік Қазақстан облысы.
- Анар Абжанова, Алматы.
Business Lady Qazaqstan республикалық салалық сыйлықтың иегерлері:
- ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ – 2022 Дана Ибраева
- ОТАНДЫҚ БРЕНД — 2022 Камила Жұмабекова
- ЖЫЛ КОНДИТЕРІ – 2022 Жанар Қабдуллина
- ЖЫЛДЫҢ БИЗНЕС ХАНЫМЫ — Гүлмира Қизатаева
- FOOD STYLE — 2022 Дана Четкин
- CHEF 2022 — Түйгінай Әділбекова
- АСПАЗ БЛОГЕР — 2022 Айгүл Олжабаева
- ЗЕРГЕРЛІК СТИЛИСТ — 2022 Гузель Островская
- ҮЗДІК HAIRSTYLIST — Ақуштап Қуспан
- BEAUTY КӘСІПКЕР — Айсулу Жолдасбекқызы
- BEAUTY PROFESSIONAL — Назым Калмжанова
- ЖЫЛ ЗАҢГЕРІ — 2022 Наира Заргарян
- ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЕРІ — Айгүл Тен
- EDUCATION BRAND — Ұлжан Мырзыгелдиева
- ЖЫЛ ДИКТОРЫ — Бибигуль Керимова
- ЖЫЛ КОПИРАЙТЕРЫ — Әсел Есенаманова
- ЖЫЛ СЕРПІЛІСІ — Алина Шакиева
AMBASSADOR BUSINESS LADY QAZAQSTAN
- Елена Ли – Dolce Pharm компаниясының негізін қалаушы
- Гульнара Хамитова – Bloom KZ компаниясының негізін қалаушы
- Ольга Кондратьева – тері салонының негізін қалаушы
- Шолпан Нурканова – Уникум интелектулды мектебінің негізін қалаушы
Посмотреть эту публикацию в Instagram