Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 16 мыңнан астам орынға есептелген 188 жекеменшік балабақша ашылады

Алматыда 2022-2024 жылдар аралығында 16 мыңнан астам орынға есептелген 188 жекеменшік балабақша ашылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

25.11.2022
Жаңалықтар

Бүгінгі күні 1-6 жас аралығындағы 42 460-тан астам бала, 3-6 жас аралығындағы 18 865 бала балабақшаға кезекте тұр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Әлия Сағиева мәлім етті.

Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда қалада 77261 баланы қамтитын 910 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 193 мемлекеттік және 717 жекеменшік. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 71,9%, 3-6 жас – 92,9% құрайды.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда кезектің ұзақ болуына, ішкі көші-қонның жүруіне және жыл сайын туу көрсеткішінің артуына байланысты мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілік өте өзекті болып қала береді. Осы орайда Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік балабақшаларды ашу бағытында ауқымды жұмыстар атқарып жатыр», – деді Ә. Сағиева.

2022-2024 жылдар аралығында 16 мыңнан астам орынға 188 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, 2022 жылы кезекте тұру мәселесін кезең-кезеңмен қысқарту және балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру мақсатында Жас Қанат ықшам ауданында 280 орындық балабақша салынып жатыр. Ал Жетісу ауданында 280 орындық балабақша сатып алынды. 2023 жылы Әуезов ауданында 720 орындық 3 балабақша салу, 240 орындық балабақша сатып алу жоспарланып жатыр. Ал 1380 орындық 5 балабақшаның құрылысы 2024 жылға жоспарланған. 600 орындық тағы 2 балабақшаның құрылысы 2025 жылдың еншісінде.

«Тәрбиеші тапшылығы 35-40 пайыз шамасында, оның ішінде мектепке дейінгі мамандандырылған білім беру ұйымдары бар, сонымен қатар логопед, дефектолог, музыкалық жетекші, медбике, есепші, тәрбиеші көмекшісі сияқты мамандар қажет», — деді Ә. Сағиева.

Соңғы жаңалықтар

Смертельная драка произошла в колонии Атырау

Николай Иващенко
24.03.2026

Самолет Air Canada столкнулся с пожарной машиной на взлетно-посадочной полосе нью-йоркского аэропорта Ла-Гуардия

Николай Иващенко
24.03.2026

Более 3500 человек отметили Наурыз в «Городе кочевников»

Николай Иващенко
24.03.2026

В Алматинской области 1500 человек приняли участие в акции «Мөлдір бұлақ»

Николай Иващенко
24.03.2026

Регионы за чистые водные ресурсы -экоакция в Алматинской области

Николай Иващенко
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz