Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық автожолаушылар үшін мобильді қосымша іске қосылды

Автожолаушылар «Sapar» мобильді қосымшасын республикалық маңызы бар жолдарда қолдана алады. Қосымша онлайн және офлайн режимде жұмыс істейді.

24.11.2022
Жаңалықтар

«Көлік жүргізушілері республикалық маңызы бар жолдармен жүргенде біздің қосымшаны қолдануына болады. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының функциялары бар. Сонымен қатар автожүргізушілер жол-жөнекей оқыс оқиғаға тап болған жағдайда «Sapar» мобильді қосымшасы арқылы бізге хабарлайды. Яғни болған жайттың мән-жайын жазып, сурет немесе видеоға түсіріп бізге жібереді. Қосымшаның көмегімен қажетті бағытты таңдаған соң, ол жолдың ұзындығы, жол бойындағы ақылы учаскелер, жанар-жағармай құю бекеттері, дәмхана және қонақүйлер туралы ақпарат қолжетімді болады. Одан бөлек, қосымшада ауа райына қатысты мәліметтер мен ескертулер ұсынылады», — деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сарапшысы Александр Озарчук елордада өтіп жатқан «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінің ашылуында.

Оның айтуынша, «Sapar» мобильді қосымшасы әзірге Android қолданушылары үшін ғана қолжетімді. AppStore-да қолданушылары үшін Apple компаниясымен келісім жасалып жатыр.

Мобильді қосымшаны пайдаланар алдында тіркеуден өту қажет. Яғни қолданушының аты-жөні, ұялы телефоны, поштасы, сол секілді ақылы жолда автоматты түрде төлем жасау үшін көлік туралы мәліметтерді көрсету керек.

«Республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және «Sapar» мобильдік қосымшасы арқылы кері байланысты жақсарту мақсатында «1403» (сонымен қатар онлайн-чат) және «11»2 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожол»-дың call-орталығына хабарласу мүмкіндігі қарастырылған», — дейді А. Озарчук.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында параволейболдан Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында жеке сот орындаушылары бәс тігуге 180 миллион теңге жұмсаған

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Бір маусымда 200-ден астам адам құтқарылды: Қонаевта үздік құтқарушылар марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
21.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz