Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық фермерлерді қаржыландыруға 350 млрд теңге қарастырылды

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ биыл фермерлерді 350 млрд теңгеге қаржыландыруды жоспарлап отыр.

23.11.2022
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізілген квазимемлекеттік секторды трансформациялау нәтижесінде АӨК субъектілерін қаржыландыруға мамандандырылған бірыңғай институт құрылды.

Бұл «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы — Аграрлық несие корпорациясы. Корпорация құрылған сәттен бастап 2,5 триллион теңгеден астам сомаға фермерлерді қаржыландырды. Бүгінде оның несие портфелінде — 80 мыңға жуық қарыз алушы бар, портфель көлемі 973 миллиард теңге.

«Біз жұмыс істеп тұрған 255 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің үштен бірін қамтып отырмыз. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру екі есеге ұлғайды: «Кең дала» бағдарламасын іске асыруға бөлінген сома 140 миллиард теңгені құрады және бұл көлемді сақтау жоспарланып отыр», — деп атап өтті «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Алмат Әшірбеков атап өткендей, биыл корпорация фермерлерді 350 миллиард теңгеге қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Фермерлерге үш бағытта несие беру бағдарламасы ұсынылады. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға  — «Кең дала», стартап жобалар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау бойынша — «Іскер» және мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша — «Агробизнес» бағдарламасы ұсынылады.

Сондай-ақ агросақтандыру жүйесі де жетілдіріліп жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап сақтандыру сыйақысын субсидиялау деңгейі 50-ден 80% дейін ұлғайды, деп нақтылады корпорация өкілдері.

Биыл субсидия сомасы 688 млн теңгеге болатын 254 сақтандыру шарты жасалды. Корпорацияның филиалдары облыс орталықтарында және Республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді. Қыркүйек айында шағын кредиттерге өтінімдерді қарау жөніндегі онлайн-платформа қолданысқа енгізілді. Үйде отырып-ақ фермер 6 миллион теңгеге дейін несие алуға алдын ала мақұлдау алуына болады. Жүйе мәліметтер базасымен интеграцияланған және скорингтік талдау мен кепілдікті онлайн бағалауды қарастырады, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz