Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Азиядағы ең ірі шаралардың бірінің сахнасында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Үндістанның Мумбай қаласында өткен Азиядағы ең ірі шаралардың бірі – TEDxGateway конференциясының сахнасында өнер көрсетті.

19.11.2022
Жаңалықтар

TEDxGateway халықаралық конференциясы маңызды жаңа идеяларды зерттеу және бөлісу бойынша ТEDx-тің жаһандық миссиясына арналған. Жыл сайынғы шара әлемді тереңірек түсінуге ұмтылатын түрлі мәдениеттер мен ұлттардың көрнекті өкілдерін біріктіреді.

Іс-шара Ұлттық өнер көрсету орталығында (NCPA) өтті. Театр 1982 жылы ашылған. Бүгінде бұл Мумбайдың танымал нысандарының бірі.

Кешті әнші әрі композитор Сонам ​​Калра жүргізді. Хинди тілінде тәуелсіз фильмдердегі жұмысымен танымал үнділік кино және театр актрисасы Шефали Шах шара қонағы болды.

Конференцияның мәдени бағдарламасында Үндістанның ең үздік катхак бишісі және хореографтарының бірі Адити Мангалдаспен бірге Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Димаш пен оның Dears фандомын танымал продюсер Ральф Саймон таныстырды. Сахнада 3 ән — Golden, S.O.S және Give Me Your Love шырқалды.

Әртістің шығармашылық өмірінде үлкен рөл атқарған ең танымал және маңызды шығармалардың бірі, француз тіліндегі классикалық S.O.S әніне көрермен қызу қошемет білдірді.

Ағылшын тіліндегі «Golden» композициясы прогрессивті жастар аудиториясына тән әділдікке және алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге деген ұмтылысты көрсетеді.

Димаштың жігер мен оптимизмге толы авторлық «Give me your love» әні кешті аяқтап, залда және экранның ар жағында отырған көрерменге позитив пен энергия сыйлады.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz